Оқиға

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

  • БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

    БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

24 жастағы Орал қаласының тумасы соңғы жылдары Челябинск қаласында жұмыс істеп жүрген. Ал Дубайға өзінің күйеу жігітімен демалу үшін барған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ura.news сайтына сілтеме жасап.


Қайғылы жағдай 14 ақпан күні болды. Жаңа ұшып келген жұп бассейнге шомылу үшін барған. 24 жастағы бойжеткен суға кіріп бара жатып естен танып құлайды. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.


Сараптама нәтижелеріне сәйкес, бойжеткеннің оқыс оқиға салдарынан қайтыс болмағаны белгілі болды. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы әдетте ақша төлеуден бас тартады. Мұнымен қатар, Ирина Челябинск қаласында тұрып, жұмыс істегеніне қарамастан, Қазақстан азаматы болып саналады. Бұл жағдайды екі есе қиындатып отыр. БАӘ-де Қазақстанның дипломаттық өкілі жоқ.


Енді жергілікті дәрігерлер қызметі мен марқұмның денесін туған жерге алып келу үшін 6 мың доллар ақша қажет. Қазір Aldo Coppola сұлулық салонында жұмыс істейтін Денистің әріптестері осыған байланысты ақша жинап жатыр.


«Достар, біздің әріптесіміздің жағдайы ауыр. Қазір марқұмның денесін туған жерге алып келуге ақша жинау үшін бірнеше күніміз ғана бар. Шамамен 400 000 рубль қажет. Достар, қолдап жіберейікші. Aldo Coppola салонының телефон нөмірі - 272-02-73. Әкімшіліктегілер бұл жағдайдан хабардар», — деп жазды Дениспен бірге жұмыс істейтін Алена Тушова. 


 


 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.02.2018, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30