Оқиға

Басшысының балағатына шыдамаған тәрбиеші өзіне қол салар бұрын хат қалдырған (фото)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Алматы облысы Іле ауданына қарасты «Сұңқар» балабақшасында тағы да шу шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бірер жыл бұрын тәрбиешісі туберкулезбен ауырған мекемеде кеше тағы бір қызметкер өзіне қол салып, өмірімен қоштаспақ болған. Сұмдық жайт туралы жесір келіншектің ағасы хабарлап, әділдікті талап ететінін жеткізді.


«Әпкем Айгүл Нұрбаеваны кеше ес-түссіз үйінде жатқан жерінен жедел-жәрдем қызметкерлері тауып, алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалды. Дәрігерлер уақытында үлгермегенде екі баласы жетім қалар ма еді. Бауырымды осындай жағдайға жеткізген адамдардың жауапқа тартылуын талап етемін» ,- дейді Фархат Нұрбаев.


Үйінде отырып қорап-қорап дәрі ішкен тәрбиешінің сөзінше, өзіне қол салуға басшысының ғайбат сөзі мен жаласы себеп болыпты.


«Барлығы 2017 жылдың желтоқсан айында басталды. Ертеңгілік қойғанымызға риза болған ата-аналар торт әкеліп, оны ас бөлмеге қоймақ болады. Сол жерден барлық қабырғаның көгеріп кеткенін көрген олар, суретке түсіріп алып, шу шығарды.


Осыған мені балабақша меңгерушісі Б.А. кінәлап, ата-аналарға: «Бұл келіншек темекі шегеді, жүрісі дұрыс емес» деп өтірік жала жаба салды. Артынша кабинетіне шақырып алып, «бейшара, ата-аналарды ас үйге әдейі апардың» деп адам аузы бармайтын сөздермен балағаттады. Осылайша, бір айдан астам уақыт мені әріптестерінің алдында қаралауы жалғасты» , - деп жылады Айгүл Темірханқызы.



Тәрбиешінің айтуынша, басшысы қыр соңынан қалмай 10 қаңтар күні жұмыстан шығарып тынған. Ата-аналар мен әріптестерінің алдында абыройының айрандай төгіліп, жеп отырған нанынан айрылған келіншек үйіне келген соң қолына түскен дәрінің бәрін іше берген.


Есінде қалғаны, екі баласын анасы мен жұмыстағы құрбысына табыстап, хат жазып үлгерген. СМС хатты көрген әріптесі дереу жедел-жәрдем шақыртып, Айгүлді уланудан амал алып қалыпты.


Айгүл Нұрбаеваның көп дәрі ішіп уланғанын Іле аудандық аурухана басшылары да растады.


"Науқас Айгул Темірханқызын жедел-жәрдем ауруханаға 11 желтоқсан күні сағат 12:00-де әкелді. Белгілі болғандай, екі баланың анасы дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс көп ішу арқылы уланған. Дереу асқазан, ішек жолдарын жуу арқылы көмек көрсетіліп, барлық дәрігердің тексеруінен өтті. Науқастың беті бері қараған соң үйіне жіберілді. Бүгін тағы да кезекші дәрігерлер тексереді. Егер қажет болса психолог тағайындалады" ,- деді бас дәрігердің орынбасары Айдар Асқарбекұлы.


Сондай-ақ, өзіне-өзі қол салмақ болған келіншекке қатысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғаған екен.


«Оқиға салдарына байланысты арнайы арыз-шағым түскен жоқ. Алайда, дәрігерлерге келіп түскен ақпарат бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабына сәйкес (өзіне өзі қол салуға жеткізу) іс Іле ауданының ішкі істер бөлімінде тіркеліп, сот алды тергеу басталды. Полицейлер осы оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізетін болады» ,- деді Алматы облыстық ІІД арнайы өкілі Көбейхан Нұрахмет.


«Сұңқар» балабақшасының ата-аналары болса тәрбиешінің жайын естіп шошып отыр. Екі жыл балаларын қараған Айгүл Темірханқызының қыңыр қылығын көрмегендерін айтып, меңгерушіден оны жұмысқа қайта алуды талап етуде. 




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31