Оқиға

Беймәлім біреулер Джиппен әкеткеннен қайта оралмаған жігіт әлі табылмай жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бір апта бұрын базарда қарбыз сатып тұрған жерінен көлікке мініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған Ерхан Тілеумбетовті орман алқаптарынан іздеп жатыр. Полиция қаладағы бақылау камераларын да тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Ақтөбе облыстық ІІД жеке құрамы Ерхан Тілеумбетовтің туған-туыстарымен бірге 41 разъезд маңындағы орман алқаптарын тексеруді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, Орск қаласынан Ақтөбеге дейінгі, Түркістан қаласынан Ақтөбе қаласына дейінгі тасжол бойындағы бейнекамералар бақылауға алынды. Жоғалып кеткен жігітпен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 жастағы Ерхан Тілеумбетов 3 тамыз күні жоғалып кетті. Оның анасы Райхан Есенаманов облыс әкімдігінен, прокуратурадан көмек сұрап, іздеу жұмыстарын жандандыруды өтінген болатын.


 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 14:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31