Оқиға

Дәрігерлер Алматыны дүр сілкіндірген шулы хабарламаға жауап берді

  • Сурет ашық дереккөзден алынған

    Сурет ашық дереккөзден алынған

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті әлеуметтік желіде тараған Алматыдағы менингококк инфекциясы туралы хабарламаға қатысты жауап берді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.


Алматы тұрғындарының басым бөлігі әлеуметтік желіде тараған хабарламадан соң дүрбелең туғызған.


«Алматыда менингококк инфекциясы әзірге үш ересек адамнан табылды. Егер дене қызуы көтеріліп, мұрын бітелсе немесе тамақ ауырса - жұқпалы аурулар ауруханасына барыңыз. Халық көп жиналған, балалар жүрген жерге бармауға тырысыңыз», - делінген хабарламада.


Тағы бір хабарламада менингиттен үш баланың ауруханаға жатқызылғаны, 4 жасар баланың қайтыс болғаны және науқастар саны 40-қа жеткені айтылған. Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті менингит эпидемиясы туралы ақпаратты жоққа шығарды.


«Бүгінде Алматы тұрғындары арасында ауру саны көбейді, бірақ жұқпалы аурудың таралу оқиғасы болған жоқ. 19 мамырда 15 адамның менингококк инфекциясын жұқтырғаны зертханалық тұрғыда расталды. Бір жағдайда ғана клиникалық диагноз қойылған. Қалған оқиғалар бір-бірімен байланысты емес. Бір адамның инфекция таратқаны анықталды. Мұның себебі - маусымдық, тұрақсыз ауа райы жағдайлары, аурулардың қайталануы және иммунитеттің төмендеуі», - деп хабарлады Алматының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті.


Әзірге сырқаттан үш адамның көз жұмғаны белгілі, оның екеуі ересек болса, біреуі - бала. Одан басқа екі өңірде - Алматы (2) және Оңтүстік Қазақстан (2) облыстарында мениггококк инфекциясымен ауырғандар тіркелген.


Ведомствоның хабарлауынша, менингококк инфекциясы үш жылда бір рет белең алады. Ең көп науқастар тізімі 2013 (49 науқас) және 2015 (66 науқас) тіркелген.


«Қазіргі уақытта жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Эпидемияға қарсы және алдын алу жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатыр. Міндетті зертханалық тексеру тағайындалған адамдардың араласу ортасы анықталып жатыр», - делінген ведомство хабарында.


Сондай-ақ, дәрігерлер дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырғандарға Алматыдағы халық көп жиналатын мәдени-спорттық шараларға, бассейндер мен ойын-сауық орталықтарына бармауға, аталған белгілерді байқаған жағдайға дәрігерге жүгінуге кеңес берді. 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31