Оқиға

Дели әуежайында қазақстандық ұсталды

  • © REUTERS

    © REUTERS

Дели әуежайында жалған билетпен жүрген қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Дели әуежайында Қазақстан азаматы ұсталды. Үндістандағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміндегілер бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Полицияның мәліметінше, ереже бұзушыға 10 мың рупия көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ол қамауға алынған жоқ. Оны ұстаған, бірақ қажетті хаттамалар толтырылған соң ол бостандыққа шықты", - деп хабарлады СІМ ресми өкілі брифинг барысында.


Ведомство мәліметінше, әуежайдағылар қазақстандықтың паспортын алып қойды. Құжат тек айыппұл төленген соң әкімшілік сотта қайтарылады.


Алдын ала мәлімет бойынша, жалған билетті қазақстандық әуекомпаниясы жасаған.


 




Көрілген: 163    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 17:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28