Оқиға

Екі қыз үшін жанын қиған қостанайлықтың әйелі оқиға қалай болғанын айтты

  • © Foto: СС0 / Public Domain Pictires

    © Foto: СС0 / Public Domain Pictires

Қостанай облысында суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып, өзі көз жұмған ер адамның әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.


"Костанайские Новости" тілшісі марқұм жер қойнына тапсырылған күннің ертесіне оның зайыбы Анжелика Капарчукпен тілдесіп қайтты. Ол екі ұлмен жесір қалды. Үлкені он үш, кішісі үш жаста.


"Сол күні Саша демалыс алды, – деп түсіндірді Анжелика. – Көптен бері демалмағандықтан, "енді қашан отбасыммен бірге боламын?" деді. Ұлымыз да өзенге барғысы келетінін айтты. Біз тоғанда демалуға шешім қабылдадық", — дейді ол.


Ешкім бұлай болады деп ойламаған, онда демалушылар көп болған. Бір кезде әйелдің көмектесіңдер деген жан дауысы шығады. Жұрт 13 жастағы және 26-30 жас шамасындағы екі қыз суға батып жатқанын көрген. Александр бұл кезде үш жасар ұлын ұстап отырған екен. Ол ойланбастан баланы Анжеликаға беріп, өзі көмекке ұмтылған. Ол өте жақсы жүзетін болған.


"Ол жерде ер адамдар көп болды. Алайда менің күйеуім ғана сүңгіп кетті. Кейін белгілі болғандай, кейбіреулері тіпті видеоға түсіріп тұрыпты. Қыздар шынында да өте ұзаққа жүзіп кеткен екен. Ол судың астынан қыздарды жағаға қарай алып шықты. Ал өзі батып кетті", — дейді Анжелика Капарчук.


Отбасы Александр басқа жағадан шығады деп үміттенген. Осы кезде әлдекімдер құтқарушыларды шақырған. Үлкен ұлы суға сүңгіп, әкесін іздей бастаған. Бір кезде құтқарушылар біреудің денесін алып шығады. Өкінішке қарай, бұл Александрдың денесі болып шыққан.


Құтқарылған қыздар ер адамды жерлеу рәсіміне келген. Олар неге алысқа жүзгенін Анжелика сұрамапты. Өйткені күйеуін енді қайтара алмайды, тіпті ол батыр болса да.


Sputnik


 


 




Көрілген: 877    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31