Оқиға

Екібастұзда лифттегі ақау жасөспірімді педофилдің зорлығынан құтқарып қалған (ВИДЕО)

  • Видеодан скриншот

    Видеодан скриншот

Екібастұзда ер адам тұрғын үй лифтінде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушыларының хабарына қарағанда, ер адам лифтті тоқтату батырмасы істен шыққандықтан ойлаған ісін жүзеге асыра алмаған.


Желіде видебақылау камерасына жазылған видео таралып жатыр. Онда ер адамның қызды дүкенге кірген сәтінен аңдып тұрғаны көрінеді. Қаскөй қыздың артынан тұрғын үйге кіріп, бірнеше минуттан кейін қашып шығады.


Күдікті түсірілген видеоны қала тұрғындары бірден WhatsApp арқылы тарата бастаған. Ал кейінірек қаскөйдің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды.


Павлодар облыстық ІІД баспасөз орталығындағылар жедел іздестіру шараларының барысында қала полицейлерінің 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстағанын хабарлады.


"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 124-баптары бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сот сараптамалары тағайыдалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.


 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31