Оқиға

Екібастұзда төрт жасар қыз балабақшадан қашып кеткен

  • Екібастұзда төрт жасар қыз балабақшадан қашып кеткен

    Екібастұзда төрт жасар қыз балабақшадан қашып кеткен

 Екібастұзда төрт жасар қыз балабақшадан кетіп қалғаны үшін мекеменің жетекшісі мен тәрбиеші жұмыстан қуылды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Дереккөз мәліметінше, күндізгі сағат 11:45 шамасында серуендеу кезінде орта топтағы бүлдіршіндердің бірі "Балбөбек" балабақшасынан өз бетінше кетіп қалады. Тәрбиеші өзге балаларды топқа жинап, тамақтарына отырғызған. Осыдан кейін Айтжан Шаймерденованың жұмыс уақыты аяқталып, екінші тәрбиешіге жоғалған бала туралы ескертпестен шығып кетеді.


Балабақшадан кетіп, жалғыз өзі жүрген қызды полиция қызметкерлері дүкен жанынан байқап қалады. Олар бірден білім бөліміне хабар беріп, баланы бөлімшеге жеткізген.


Содан кейін жоғалған қызды балабақшалар тізімінен іздеп тауып, оны әжесі мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жетекшісі алып кеткен.


Қалалық білім бөлімі балаға жауапсыз қараған тәрбиеші Айтжан Шаймерденова мен балабақшаның жетекшісі Лейла Оразбаеваның жұмыстан босатылғанын мәлім етті.


pavlodarnews.kz.




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30