Оқиға

Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды

  • CC0 / Harald_Landsrath

    CC0 / Harald_Landsrath

Бір қолымен клиенттің жаңа туған баласын ұстап отырған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің суреті әлеуметтік желілерде сынға ұшырады.


Cуретті әлеуметтік желіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай жариялады.



"Жас ана баласын ХҚКО операторына сеніп тапсырып, құжаттардың көшірмесін жасатуға кеткен. Жаңа туған Аяулым анасы келгенше қызметкер Баян Бабаеваның қолында жайлы ұйықтады. Адамдар біздің қызметкерлерге сенім артатыны көңіл сүйсіндіреді!" — деп жазды суретке Жұманбай.


Дегенмен пікір білдірушілердің бәріне бірдей бұл ұнай қойған жоқ. Әлдебіреу өзге әйелге баласын сеніп тастап кеткен ананың жауапсыздығына шағымданған. Енді бірі баласын тастап кететін адам болмағандықтан бұған мәжбүрлі түрде барғанын айтып жатыр. "Туыстары өзге қалада, достары жұмыста, бала күтуші жалдауға ақша жоқ" деп жазды ол. Әйелін жас баламен ХҚКО-ға жалғыз жіберген баланың әкесін айыптағандар да табылды. Тағы бірі ХҚКО-ны "Шұғыл бала бағушылар орталығы" деп атап, қалжыңға айналдырды.


Sputnik


 





Көрілген: 868    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.06.2018, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30