Оқиға

Германияда жолға жүгіріп шыққан баласын құтқармақ болған отандасымыз қаза тапты

  • © TVC.RU

    © TVC.RU

Ақтөбелік отбасының қиын тағдырын «Жайна» мүгедек балаларға «Жайна» оңалту орталығының басшысы айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Бізге бір келіншек келді. Баласы аутизммен ауырады. Келіншек қайғыдан құсап боп, өмір сүргісі келмейтінін айтты. Германияға жолдасымен бірге баласын емдетуге апарған. Сол жақта жолдасын машина қағып, қаза болған.


Айтуынша, көшеде келе жатқанда бес жастағы баласы жолға қарай жүгіріп кетеді. Әкесі баласын құтқарамын деп жүгіріп, өзі сол жерде көліктің астында түскен. Адамның басына келмейтін жағдай», - дейді «Жайна» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының басшысы Нұрила Жарболова.


Кәсіпкер өмірден түңілген келіншекті қамқорлығына алған.


«Келіншек бізге келгенде жолдасының қырық күндігін өткізген екен. Жас келіншектің екі баласы бар. Сау баласын басқа балабақшаға, науқас баласын емдеуге алып, келіншектің де өзін жұмысқа шақырдық. Қазір еңсесін көтеріп, күліп жүретін болды.


Науқас баласы орталықта тегін ем алып жатыр. Өзі баласын қарайды, оның үстіне ақылы жұмыс істейді. Біз ол әйелге көмектесе алғанымызға қуандық», - дейді Нұрила Жарболова. 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 15:21

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31