Оқиға

Интернетті шулатқан видеоның қайда түсірілгені анықталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Соңғы уақыттары Қазақстан мен Қырғызстандағы әлеуметтік желілерде келіншектің кішкентай баланы сабаған видеосы тарады. Видеодағы әйел пышақ ұстап алған.


Таяуда Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев видеодағы әйелдің іздестіріліп жатқанын хабарлаған.


Ал Қырғызстанның құқық қорғау органдары жантүршігерлік видеожазбаны тексерген. Kaktus.media қырғыз порталының редакциясы шағын зерттеу жүргізіп, видеоның Қырғызстанда да, Қазақстанда да түсірілмегенін анықтапты.


Олардың айтуынша, видео - монтаж емес.


"Жазба биыл 1 мамырда түсірілген, оқиға Перуде болған. Алған жарақатынан бала қайтыс болды. Баланы сабап жатқан әйел оның шешесі. Камераға әкесі түсіріп тұрған", - деп жазады басылым.



Видео перудің Юнгайо қалашығында түсірілен. Жас ата-ана он айлық баланың мәйітін полицияға өзі алып келген. Олар баламыз қатты ауырды деп, ауруханаға барара жолда қайтыс болды деп мәлімдеген. Олар полициядан мәйітханаға жіберетін құжат алу үшін келген.



Полицейлер оларға арнайы құжат берген, алайда жауап алу кезінде ата-ананың қылмысқа қатысы бар деп күдіктене бастаған. Сөйтіп, жантүршіктірер видео Перуде таралып кеткен. Бұл жазбаны көрген полицейлер қаскөйлерді қамауға алған.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 1391    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31