Оқиға

Жаркентте колледж мұғалімі студенттерді ұрып-соққан

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz  тілшісі. 


Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында. 


 


Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері колледждегі ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.


"Осы жағдайға байланысты Жаркент көпсалалық колледжінде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады", - деді басқарма өкілдері. 


 


 Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді.  




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31