Оқиға

Жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шекті

  • © Sputnik

    © Sputnik

Алматыда Рысқұлов даңғылында Қайрат ауылына бұрылар жерде жол апаты болды, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.


Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, SsangYong Istana микроавтобусы Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта бара жатып, солға қарай бұрылады. Сол кезде Audi Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, өзіне жол бермеген микроавтобусқа бар жылдамдығымен соғылады.



Қатты соққыдан екеуі де көпірге ығысқан. Audi бетон тақтайшаға соғылса, SsangYong Istana металл қоршау мен жол белгілерін бұзып өтіп, көпірден ұшып кете жаздап тоқтаған.


Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Audi көлігінде отырған 2009 жылғы қыз бен әйел адам. Әртүрлі жарақат алған олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтап жатыр.


 


 




Көрілген: 134    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31