Оқиға

Кабулда қаза тапқан қазақстандықтың ата-анасын алдаған күдікті ұсталды

  • © REUTERS

    © REUTERS

Кабулда лаңкестік құрбаны болған қазақстандықтың ата-анасын алдаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


"Осы іске қатысты Алматы ІІД анықтау басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын қаза тапқан азаматтың туыстарына сілтеме жасап жариялаған бірнеше БАҚ негізінде қозғады. Осы іске күдіктінің кім екені бірден анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.


Сонымен қатар, ІІД мамандары осы күдіктіге қатысты тағы бір алаяқтық дерегі бойынша іс қозғалып жатқаны туралы айтты. Еске салайық, Кабулда қаза болған қазақстандық Ерлан Жампейісов Астанада жерленді. Бұл туралы қаза болған қазақстандықтың әкесі Жүсіпберген Жампейісов айтып берген еді.


"Сенбі күні жерледік. Денесі жұма күні жеткізілді, Астанада жерледік. Аляқтық жөнінде арыз жаздық. Бостандық аудандық ІІД өкілдеріне. Арызды қабыл алғандары жайлы қағазым бар. Не істерімді білмеймін, осы іске ІІМ қосу керек шығар. Денесін СІМ өкілдері жеткізді", - деді қаза болған қазақстандықтың әкесі.


Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов бұл мәліметті растады.


Еске сала кетейік, осыған дейін Кабулда Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылдан қазақстандық азаматтың қаза болғаны хабарланған еді. 20 қаңтарда кешкі уақытта содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне басып кірген. Tolo News телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, 18 сағат бойы жалғасқан шабуыл тоқтатылған. Нәтижесінде 126 адам құтқарылған, олардың 41-і шетелдік.

 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30