Оқиға

Қарағандыда 11 жасар баланы жабылып соққыға жыққан

  • © видеодан кадр

    © видеодан кадр

Қарағандыда белгісіз жасөспірімдер пиццерияда орын бермеген, 11 жасар баланы жабылып соққыға жыққан.


Оқиға туралы жәбірленген баланың анасы айтып берген.


«Менің ұлым 11-де, ол достарымен пицерияда түскі асын ішпекші болған. Олар төртеу еді. Сол сәтте оларға 6-7 бала келіп, менің ұлымнан орын беруді талап етіпті. Ұлым жостарының жанында үлкенірек көрінеді. Сөйтіп, оны «семіз» деп мазақтаған. Балам олардың талабын орындаудан бас тартыпты. Бұзақылар болса оны далаға мәселені сыртта шешуге ұсыныс айтады. Сөйтіп, сыртқа шыққанда ұлым уақыты жоқ екенін айтып, төбелесуден бас тартыпты, оны бәрі жабылып соққыға жығыпты. Ал, баламның достары кішкентай болғандықтан араласа алмағандарын айтып отыр», - дейді әйел.


Төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеокадрлардан бір балаға бірнеше адамның жабылып ұрып-соққанын анық көруге болады. Қазіргі таңда бала үйінде жатыр. Оның денесіне ауыр зақым келмеген және еш жері сынбаған. Тек түні бойы көз ілмеген.


ktk.kz








Көрілген: 254    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.01.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28