Оқиға

Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жас кәсіпкер әлі табылған жоқ

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қарағандыда үш апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жас бизнесмен Әлішер Тұрағұл іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Әлішер Тұрағұл отбасымен Қарағандыда тұрады. Үйленген, бір жасар сәбиі бар. 1993 жылғы жігіт тауар жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысады. 24 қазан күні түнгі 23:10 шамасында Қарқаралыға тауар жеткіземін деп үйден шығып кеткен. Алайда сол күннен бері одан еш хабар жоқ.


"24 қазан күні Қарқаралыға тауар жеткіземін деп шығып кеткен. Бірақ Қарқаралыға бармаған. Телефоны сол күннен бері өшірулі. Жоғалған күннің ертеңінде бірден полицияға хабарластық. Олар заңға сәйкес, іздеу жұмыстарын тек үш күннен кейін ғана бастады. Кейінірек Ішкі істер департаменті оның Қарағандыдан Шуға билет алғанын айтты. Бірақ пойызға отырған-отырмағаны белгісіз. Біз Шуға барып тексеріп келдік, ол жақта, өкінішке қарай камера жоқ. Соңғы рет тамыз айында барғаны ғана тіркелген", — дейді Әлішердің бауыры Абай.


Жас кәсіпкердің туысқандары Әлішерді халықаралық іздеуге бермекші. Себебі ол тауар жеткізу үшін көрші Қырғызстанға жиі барып тұратын еді дейді олар. Қазір ҰҚК-де бұл мәселе шешіліп жатқан көрінеді.



"ІІД күйеуімнің сол күні Шуға үш рет билет алғанын айтты. Түнде вокзалда ұйықтап қалып, екі рет кешігіп қалған. Үшіншісі 25 қазанға сағат он бірге алыныпты. Сол күні кешкі ондарда Шуда болуы керек екен. Бірақ біз оны Шудан таба алмай келдік", — дейді Әлішердің әйелі.


Оның айтуынша, күйеуі ешкіммен жанжалдаспаған, достарымен қарым-қатынасы жақсы. Отбасында да ұрыс-керіс болмапты.


"Қазіргі таңда жедел іздестіру тобы құрылып, жоғалған азаматты іздестіруде. Тұрақты мекенжайын табу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге ештеңе айта алмаймыз", — деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.


 


 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 15:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30