Оқиға

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды

  • © pexels.com

    © pexels.com

Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі - балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.


Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.


"Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі - балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.


Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.


 




Көрілген: 149    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28