Оқиға

Қарағандыда мектеп өртенді (видео)

  • Фото: интернеттен.  © Baq.kz

    Фото: интернеттен. © Baq.kz

Кеше түнде Қарағандының Майқұдық шағын ауданында орта білім беретін №36 мектеп өртке оранды. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.


Қарағандының Октябрь ауданының «Восток-1» ықшам ауданында орналасқан мектептің шатырынан өрт шығып, жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған.


Куәгерлердің айтуынша, өрт кешкі 21:00 шамасында басталған.


«Өртенген мектепке жақын жерде тұрамыз. Онда үлкен қызым оқиды. Өрт кешке қарай басталды. Жалынның қатты болғаны соншалықты өрт сөндірушілер көпке дейін өшіре алмай жатты», - дейді қала тұрғыны Жұпар.


Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 20 сағат 56 минутта басталған. Жалын мектептің шатырынан шыққан. Алдымен шатырдың ағаш қаңқасы жанған. 22 сағат 34 минутта тілсіз жауды басы, 22 сағат 55 минутта түгел өшірілген. Өрт шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған.


Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өртті сөндіру оңай болмағанын айтады.


«Өрт сөндірушілер жоғарғы күрделілік дәрежесінда жұмыс істеді. Қарағандының өртсөндіру қызметінің қызметкерлері өртті 22:55-те толықтай сөндірді», - дейді Қарағанды облысы ТЖД-нің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.


Өртті сөндіруге 55 өрт сөндіруші мен 15 арнайы теxника жұмылдырылған.





 




Көрілген: 224    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30