Оқиға

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді (видео)

  • Видео кадрлары

    Видео кадрлары

Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген.


"Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", - дейді қалалық ІІД өкілдері.


Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты.


Мұның алдында ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова ер адамның табылғанын және соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.



Ал осыған дейін Астана полициясының жүргізушіні ұрып-соққан адамдарды іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде және Instagram желісіндегі парақшаларда ел өңірлерінің бірінде түсірілген видео пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның тал түсте өзінен үлкен ер адамды ұрып жатқанын көруге болады.

 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 10:39

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30