Оқиға

Қаскелеңдегі арнайы мектеп-интернатта екі әйел 11 жастағы ұл баламен төсекте жатыпты

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Instagram-дағы zhest_kz деген парақшада Айтмұқанов Қ. Есімді азаматтың арызданған хаты жарияланыпты. Жазбада хат иесі баласының басынан өткен сорақы жағдайды баяндапты.


Онда былай делінеді:


«2018 жылғы 24 ақпан күні сағат 18:20-да мен ұлыма барып қайтайын деп Қаскелең қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың жатақханасына келдім.


Ол жерде менің ұлым оқиды. 2007 жылы туылған Құрманғазыұлы Арсен. Баламды өз бөлмесінен таба алмай, басқа барлық есіктерді шетінен ашып, ұлымды іздей бастадым. №6 бөлменің есігін ашып қалғанымда қатты қорқып отырған ұлымды көрдім.


Оның жанында, төсекте беліне дейін жалаңаштанған Бақыт есімді тәрбиеші мен мектепке қатысы жоқ тағы бір әйел жатты.


Балам мені көріп жылап жіберді. Маған жүгіріп келді. Баламның диагнозы – аутизм белгілері байқалатын орташа деңгейлі ақыл-ес кемдігі. Ол сөйлей алмайды, өз ойын жеткізе алмайды. Мені құшақтаған ұлым тоқтамай жылай берді.


Ал жатақханадағы басқа балалар коридордың басқа бұрышында ойнап жүрді.


Менің ұлым неге басқа балалардан бөлек отыр, неге бөлмеге қамап қойғансыздар, неге жалаңаш күйде жатырсыздар және баламмен не істедіңіздер деген сұрақтарыма әлгі әйелдер еқшандай мардымды жауап бере алмады.


Мен екі әйелді де суретке түсіріп алдым. Тәрбиеші әйелді сол жалаңаш күйінде суретке түсіріп үлгердім.


Сосын мен Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасына шара қолданыңыздар деп арыз жаздым. Олар менің дәлелдерімді тексермей, менің арызыммен айналыспаймыз деді. Өйткені қылмыс құрамы жоқ деп отыр.


Енді мен амалсыз прокуратураға жүгініп отырмын. Олар мектеп-интернат қызметкерлерінің бұл әрекетіне заңдық бағасын береді деп үміттенемін.


Айтмұқанов Қ.»



365info.kz


 




Көрілген: 1685    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31