Оқиға

Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты

  • © Sputnik

    © Sputnik

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жамбыл облысында пойыздың апатқа ұшырауына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрдің айтуынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне темір жолдың сапасыздығы себеп болған.


"Бірнеше рет айтылды, апатқа жолдардың сапасыздығы себеп болған. Жолаушылар пойызы қарсы беттегі жүк пойызымен соқтығысты деген нұсқа қаралып отырған жоқ. Негізгі нұсқа – жолдардың жағдайы", — деді министр үкімет кулуарында.


Қасымбектің сөзіне сенсек, жолдарда жөндеу жұмыстары көктемде ғана жүргізіліпті. Журналистердің "енді кім кінәлі?" деген сауалына министр былай жауап берді.


"Мен сіздерге осымен 20-шы рет айтып отырмын, кінәліні комиссия анықтайды. Ауа температурасы құбылғанда, рельстердің кеңейетін кездері болады. Бұл физика. Арнайы қызметтер мұны қадағалауы тиіс",- деді ведомство басшысы.


Еске салып өтсек, 17 маусым күні Жамбыл облысында түскі бірлер шамасында Астана – Алматы бағытында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Шу стансасында сегіз вагон рельстен шығып кеткен. салдарынан 22 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты.


Сынған аяғынан сүйегі көрініп тұрды – Шуда аударылған пойыздың жолаушысы>>


"ҚТЖ" компаниясында пойыздың апатқа ұшырау себебін анықтау үшін комиссия құрылды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тергеу барысын жеке бақылауына алды.


 


 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30