Оқиға

Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған - БАҚ

  • © ru.sputnik.kg

    © ru.sputnik.kg

Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті, деп хабарлады РИА Новости.


Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы.


Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, ұсталғандардың арасында депутат болған.


"Министрлікке 16 ақпан күні кешке шұғыл түрде Қырғызстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің консулы Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Әбішевке бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.


Қырғызстан СІМ мамандарының айтуынша, "Қырғызстан Республикасының министрлігі мен шет елдегі мекемелері бұл мәселені бақылауда ұстап отыр". Сонымен қатар, парламентарий құрамына кіретін "Қырғызстан" фракциясындағылар бұл мәліметтің тескерілетінін айтты. "Қандай да бір қателік кеткен болар. Ұсталғандар жөнінде бізге барлығы белгісіз. Біз бұл ақпаратты тексереміз", - деп келтірді фракция өкілінің сөзін  


Тengrinews.kz




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

сенбі, 17.02.2018, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30