Оқиға

Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жантүршігерлік жол апатына түсті

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Тойға бара жатып, ажал құшты. Көкшетау-Петропавл тас жолында болған сұмдық жол апатынан бір көліктегі 4 адам қаза тапты. «Ланд крузер Прадо» мен «Делика» бетпе-бет келіп соғысып, екі көліктің де сау-тамтығы қалмаған. Жол апатынан зардап шеккен 6 адам қазір ауруханада жатыр. Олардың бірі – сәби.


Оқиға орнында туыстарын жоқтап жатқан бұлар – джипте отырған адамдар. Олар сенбі күні екі көлік болып Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына тойға бара жатыпты. Жол апаты көз алдарында болған. «Прадоның» 2 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал оның тізгінінде болған азамат ауруханада көз жұмды. Бүгін ауруханада «Прадоның» тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Қазір 5 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі – сәби.


Мұратбек Бекмұхамбетов, травматолог- дәрігер:


-Барлығы жағдайлары өте қиын. Жарақаттары көп алған. Бәрі ем алып жатыр. Қажет болған науқастарға жедел операция жасалды.


Ал «Деликада» болған жігіттердің біреуінің беті бері қарады.


Рамазан Қаһаров, зардап шегуші:


-4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта «Прадо» келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ


«Деликадағы» 4 жігіт құрылысшылар екен. Солтүстік Қазақстанда көпір салып болып, Астанаға қайтып бара жатқан. Ал оларға қарсы келген джип Екібастұздан шығыпты. Ондағы қаза тапқан төртеудің екеуі – ерлі-зайыптылар.


-Оқиға дәл мына жерде болған. Бұл – Көкшетаудан 10 шақырым қашықтықтағы жол. Бетпе-бет келіп соғысып, сау-тамтығы қалмаған көліктердің сынықтары мұнда әлі де шашылып жатыр. Болжам бойынша, жол апатына «Прадо» себепкер болған. Қаза тапқандардың бәрі де – осы жол талғамайтын көлікте отырған адамдар.


Жан сақтау бөліміндегі адамдардың екеуінің жағдайына дәрігерлер әлі де алаңдаулы. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


ktk.kz




Көрілген: 668    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 11:24

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30