Оқиға

Көлік компаниясы мүгедекті автобустан шығарып тастау оқиғасына қатысты пікір білдірді

  • © Instagram/eap_kz

    © Instagram/eap_kz

"Green Bus" көлік компаниясы Алматыда әйелдің мүгедек адамды автобустан итеріп тастағаны түсірілген видеоны тексеріп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автопарк директоры Бауыржан Құлышевтың айтуынша, осыған дейін әлеуметтік желілерде таралған видео №34 автобуста түсірілуі мүмкін емес. Компания өкілдері видеоны қарап шыққан соң осындай шешімге келген. Құлышевтың айтуынша, Green Bus автопаркіне тиесілі автобустардың барлығында терезелерінде қара түсті нығыздағыш бар. Бірақ видеоның кадрларында терезесінде сұр жолақтары бар автобус көрінеді. Еске сала кетейік, осыған дейін видеоның Алматыдағы № 34 автобуста түсірілгені айтылған болатын.



Сондай-ақ, "Green Bus" директоры автопарк басқармасына тиесілі автобустардың терезелері түсірілген суреттерді көрсетті.




© "Green Bus" ЖШС Ал Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жергілікті полицейлердің осы видеоға қатысты тексерісті бастағанын хабарлады. "Бұл оқиғаның нақты Алматыда болғаны анықталса, осыған кінәлі адамдарға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", - деді Салтанат Әзірбек. Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде мүгедекті автобустан итеріп шығарып тастаған әйелдің видеосы пайда болған еді. Видео 20 сәуірде Instagram желісінде пайда болған. Кадрлардан куәгерлер контроллер деп сипаттаған әйелдің мүгедек адамды автобустан шығарып тастап, заттарын лақтырғанын көруге болады. Қасында тұрған адамның не істегені белгісіз. Осыдан кейін контроллер автобусқа отырып, жүріп кетеді.

 




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

жұма, 21.04.2017, 10:52

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30