Оқиға

Көлік терезесінен шығып селфи жасамақ болған қарағандылық әйел ажал құшты

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орын алған. Жүріп келе жатқан автокөлік терезесінен денесін шығарып, селфи жасамақ болған әйел абайсызда құлап кеткен, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.


4 тамыз күні «Балқаш-Шұбар-Түбек» бағытындағы дала жолында орын алған жол көлік оқиғасы өліммен аяқталған.


«Уаз» автокөлігінің жолаушысы жүріп келе жатқан көліктің терезесінен денесін шығарып суретке түспек болған. Алайда ол абайсызда құлап кеткен. Өкінішке қарай, ол алған жарақатының салдарынан қайтыс болды», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.


ІІД облыстағы жол көлік оқиғаларының азаймай тұрғандығын айтады. Осы жылдың өткен жеті айында аймақта 256 жол көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттары салдарынан 81 адам қаза болып, 341 адам зардап шеккен.


Ведомоство мәліметінше, жол көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің кінәсінен болады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерден жолда абай болуларын сұрап, жол ережесін бұзбауға шақырады.




 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 20:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31