Оқиға

Қомақты депозиті бар жігіт көлік алған күннің ертеңінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған

  • © 31.kz

    © 31.kz

Алматы облысында банкте қомақты депозиті бар жігіт көлік алған күннің ертеңінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Үйінен достарымен шығып, жоғалып кеткен, артынша бес күннен кейін Талғар өзенінен мәйіті табылған жігіттің жақындары ұлдарының өліміне кімді кінәлап отыр? Марқұмның көлігі неге банктің алдынан табылған? Қылмыстық істің жай-жапсарын Ирина Советжанқызы анықтап көрді.


Анасы баласын жоқтап отыр. Ұлының өліміне әлі де сенбейді. «Бірақ оның жұмбақ қазасы - қан жылаған жанымды одан әрі жегідей жеп барады. Полиция болса, күдіктілерді қамамай отыр», - дейді. Төсек тартып қалған әкесі мен денсаулығы дімкәс анасына қарайлап отырған үйдің кенжесі осы жылдың 17 мамыры күні жоғалып кетеді. Араға бес күн салып, 25 жастағы Наурызбай Сағындықовтың денесі Талғар өзенінен табылған.


ДӘРІГҮЛ ТҰРЕКЕЕВА, марқұм Наурызбай Сағындықовтың анасы:


– Күдіктеніп отырғаным, достары ақша сұрады. Апа берейін бе, мен айттым, қой балам деп. Сол үшін күдіктеніп отырмын. Көрсе де, көрмедім деп отыр.


БАҚЫТ САҒЫНДЫҚОВА, марқұм Наурызбай Сағындықовтың әпкесі:


– Жүгірдік-жүгірдік ешқандай нәтиже жоқ. Ең соңында өзі өлді, тік жардан секіріп өлді деп, барлық жерге сол жауап.


«Жардан секіріп өлді» - деген жауапты марқұмның жақындарына полиция мен Наурызбайды 17 мамыр күні үйінен алып кеткен достары берген. Жоғалардан екі күн бұрын банктен кредит рәсімдепті, бір күн бұрын көлік сатып алады.


Алған несиесінен өзге басқа банкте қомақты депозиті де болған екен. Кейін марқұмның көлігі сол депозиті бар банктің алдынан табылыпты. Қаржы мекемесінің қарауылы туыстарына Наурызбай жоғалған күні түнде пайда болған көлікті орнынан ертеңінде достарының қозғағанын айтқан.


БАҚЫТ САҒЫНДЫҚОВА , марқұм Наурызбай Сағындықовтың әпкесі:


– Түске жақын дейді, қарап тұрсам, екі жігіт келді де, ол машинаны алды да, орнын ауыстырып, оталдырды. Қозғады. Түнде иесіз тұрған машинаны неге қозғадыңдар дегенге, досымыздың машинасы, біреу тонап кетпесін деп, шетке шығарып қойып жатырмыз деген.


Ал, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі, бұл істің жабылғанын айтады.


КӨБЕЙХАН НҰРАХМЕТ, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:


– Азаматтың денесінде қандай да болмасын, зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. Осыған орай, жазатайым жағдай болғаны анықталып отыр. Сонымен қатар, сараптама көрсеткендей, мәйіттің алкогольдік ішімдік ішкені де мәлім болып отыр.


Бірақ марқұмның жақындары болса, ұлдарының денесінде бірнеше көгерген іздің болғанын айтады. Алматы метросында заңгер болып жұмыс істеген ұлдары жақын күндері үйленетінін айтыпты. Үйдегі төсек тартып қалған әкесінің күтіміне де өзі қараған екен. Ұлының қазасын естігелі, марқұмның әкесі де есін жиі жоғалтатын болған. Ол ұлын әлі тірі екен деп, жанына жиі шақырады екен. 


31.kz




Көрілген: 826    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31