Оқиға

Қос құрбыны үйіне жеткізіп салған такси жүргізушісінің басы бәлеге қалды

  • © ИА «NewTimes.kz

    © ИА «NewTimes.kz

Такси шақырамын деп ауруханадан бір-ақ шықты.


Астана қаласының тұрғыны такси жүргізушісінен жәбір көрдім деп арнамызға хабарласты. Алайда көлік тізгіндеген азамат тағылған айыппен келіспей отыр.


7 қазан 2017 жыл. Бұл күн балдақпен әрең жүріп жүрген Ольга үшін ұмтылмастай болды. Құрбысымен мейрамханада көңіл көтерген олар түнгі 1 шамасында арнайы қызмет арқылы такси шақырады. Бірақ жүргізуші дөрекілік танытқандықтан діттеген жеріне жетпестен жарты жолда түсіп қалуды жөн көрген. «Алайда ол көлігін тоқтатқан бойда мені соққыға жықты», – дейді Ольга.


Ольга Морозова, қала тұрғыны:


- Ол тоқтай салысымен құрбым екеумізді балағаттай бастады. Мен барынша сыпайылық таныттым. Қолымдағы ақшамды ұсату үшін дүкенге бармақшы болып есікті ашқан бойда артымнан келіп мені сілкілеп айқайға басты. Сосын асфальтқа итеріп жіберді. Мен бірнеше рет тұруға тырысып едім, ол мені тағы да итерді. Өлтіремін деді. Сосын мен орнымнан тұра алмай қалдым. Құрбыма маған жедел жәрдем шақыр деп айқайлағаным есімде.


Бірақ такси жүргізушісінің бұған өз айтары бар. Бетін көрсетпеуді өтінген бұл азамат сол түнде Ольганы үйіне жеткізіп салдым дейді. Алайда ол ішімдікке лық тойып алғандықтан көлікке отырған бойда ұрыс шығарып мазасын алыпты. Ал түсер кезде жол ақысын төлемей айқайға басқан.


Такси жүргізушісі:


- Бетімді тырнап жатыр, ұрып жатыр. Мен машинаны айналып олардан қашып жүрмін, ол мені ұрып-соғып жүр. Сөйтіп жағама жармасып алған соң, жұлқынып қалған кезде ол құлады. Мен сол кезде полияцияға хабарласып үлгердім. Жедел жәрдем оларды тез алып кетті. Мен полицияға барып арыз жазамын деп таңғы сағат 06:00-ге дейін отырдым. Арызды ешкім қабылдамады. Ең соңында полицей мені алдағандай болып, «олар өздері кінәлі, олар келмейді, сіз түсініктеме жаза салыңыз» деді. Арада 1 ай өткенде, 7 қарашада мені полицияға шақырды.


Жүргізушінің айтуынша, бұған дейін де тараптардың арасында кикілжің туындаған. Осыдан 4 жыл бұрын такси шақыртқан Ольга Морозова оның басына бөтелкемен қойып қалған екен. Бірақ ол кезде жүргізуші кешірім беріпті. Болған оқиғаның анық-қанығын Астана қалалық Ішкі істер департаментінен сұрастырып білмек болдық. Алайда қазір сотқа дейінгі жабық жағдайда тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес. Енді мәселенің ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды. 


24.kz




Көрілген: 2773    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30