Оқиға

Көшеде бейтаныс баланы «тәртіпке шақырған» әйелдің басы дауға қалды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қостанайда спорттық демалыс алаңдарының бірінде жасөспірімнің ту талақайын шығарған әйелдің кім екені белгілі болды.


Бұл туралы "видео алдында әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді" деп жазады «Костанайские новости».


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс алаңында жасөспірімді ұрып-соққан облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейтін 39 жастағы келіншек екен. Қазір ол әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, яғни » Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Таяуда іс материалдары әкімшілік сотқа жолданады.


 Видеодан бір топ әйелдің велосипед мінген жеткіншекке тап бергені көрінеді. Бала өзін қорғау мақсатында оның бірін итеріп жіберіп, аузына келгенін айтады.


Сөйтсе оларға ұсақ балалар ойнап жүрген жерде жеткіншектің велосипед тепкені ұнамаған. Топ әйелдің ішінен бірі суырылып шығып, аузына келгенін көкіген жеткіншекті желкесінен жұлып алып, өзінше жазалап жатқанын көруге болады.


Желіде бұл видео қызу талқы туғызды. Бірі баланың көргенсіздігін сөз етсе, ал тағы бірі балаға өзге түгілі әке-шешесінің қол көтеруге қақы жоқтығын айтқан.


Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар



365info.kz




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 14:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30