Оқиға

Қостанайда мұғалімнің жағын сындырған оқушының әкесі түсінік берді

  • Көрнекі фото: zib.com.ua

    Көрнекі фото: zib.com.ua

Қостанай қаласында мұғалімнің жағын сындырған қыздың әкесі Жанболсын Дукеев 22 қаңтарда орын алған оқиға туралы айтты. Ер азамат мұғалімді ұрып тастамағанын, тек қызына тіл тигізгені үшін бірнеше соққы дарытқанын жеткізді деп хабарлайды "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Жанболсынның айтуынша, ол педагогты қатты ұрмаған, тек қызын ренжіткені үшін алақанымен мұғалімнің жағынан бірнеше рет салып қалыпты.


Оқушының әкесі дене шынықтыру пәнінің оқытушысы ұзақ уақыт өзінің кінәсін мойындамағанын айтты.

Тек қызы кіргенде ғана балағаттағанын растапты.


Әкесінің айтуынша, кейінірек тексеру кезінде педагог өзін жақсы сезінген, сынудың ешқандай белгілері болмаған.


Мектеп директоры ата-анадан шу көтермеуді, бұл істі сол жерде қалдыруды сұрапты.

Ер азамат әкімшілікпен кездесуге дайын болған, бірақ кейінірек дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жағын сындырғаны туралы арыз жазғанын естіген.


3 сыныпта оқитын қыздың әкесі де осы жағдайға қатысты қарсы арыз қалдырған.


Енді бұл істі құқық қорғау органдары шешеді. 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28