Оқиға

"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

  • "Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

26 жастағы жүкті әйелдің көз жұмғанын Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Астананың бірінші перинатальдық орталығында тағы бір жас босанған әйел көз жұмды. Ақпаратты елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Камалжан Нәдіров растады.


"Бірінші перинатальдық орталықта соңғы күндері үш адам көз жұмды. Үшінші трагедия екінші маусым күні сағат 18.25-те болды", — деп хабарлады ол.


№1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіровтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктілік кезеңінде қан кетуі салдарынан қайтыс болған.


"Әйел бізге түскенде қан кетіп жатты. Кесарь тілігі арқылы босандырды. Бала аман, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жүкті әйелдің өзінің денсаулығында проблема болған. 19 жастан жаман әдетке әуестенген. Күніне 25-30 темекі шеккен", — деді №1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары.


Бұған дейін Астананың№ 1 перинаталды орталығында жаңа босанған екі ана көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның бірі 21 маусымда, екіншісі 25 маусымда болған. Әйелдердің балалары тірі, алайда жан сақтау бөліміне түсті.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 1708    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.07.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30