Оқиға

Қырғыз шекарасында атыс болып, қазақстандық қаза тапты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

23 қаңтарда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында оқ атылып, бір мерт болды.


Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді7


«Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратқа ресми түрде сұрау салынды. Біздің елшілік тарапынан оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықталғаннан кейін тиісті шаралар, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу және марқұмның денесін отанына алдыру жұмыстары жасалатын болады», -деді Айбек Смадияров.


2019 жылдың 23 қаңтарында Тараз шекара отрядының «Жас өркен» шекара заставасына қарсы участікте Қырғыз Республикасының шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 10 жылқы айдап әкетпек болған 3 шекара бұзушыны ұстауға тырысқан. Оқиға барысында құқық бұзушылар суық қару қолдану арқылы қарсылық танытқан. Осы жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған.


Қару қолдану кезінде құқық бұзушылардың бірі жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам аттармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында жасырынған.


Сағат 12.15-те жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесі үшін ол туралы мәлімет жарияланбайды) Талас ауруханасына апарар жолда көз жұмды.


Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекара және консулдық қызметтері тиісті шараларды жүргізуде.


ktk.kz


 




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2019, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28