Оқиға

Қырғызстан Қарағандыда киімнен у табылуына қатысты мәлімдеме жасады

  • Қырғызстан Қарағандыда киімнен у табылуына қатысты мәлімдеме жасады

    Қырғызстан Қарағандыда киімнен у табылуына қатысты мәлімдеме жасады

Қарағандыда көрші елден әкелінген балалар киімінен улы зат – формальдегид табылған болатын.


Қырғызстан жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының (Жеңіл өнеркәсіп) президенті Сапар Асанов Қарағандыда сатылған қырғыз киімінен улы зат табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді.


Айта кетейік, "Қырғызстанда жасалған" деген таңбасы бар жаялықтардан, жейделер мен жемпірлерден формальдегид табылған еді.


"Жеңіл өнеркәсіп" басшысы Қырғызстанның атын жамылған әлдекімдер елдің беделін түсіру үшін осындай зиянды киімдер тігіп, саудалап жатыр деп есептейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол бұл киімдер Қырғызстан аумағындағы жасырын цехтарда тігілуі мүмкіндігін де жоққа шығармады.


"Бізде, әсіресе, балалар киімі өндірісі қатаң бақыланады. Сапа сертификатынсыз елден киім шығарылмайды. Бізге "Қырғызстанда жасалған" таңбасымен қытай киімі жиі түседі. Қазақстан және Ресеймен 20 жылдан астам жұмыс істеп келеміз, осы уақыт ішінде біздің тауарларға қатысты бірде-бір ескерту болған емес. Бұл жасанды бұйымдар деп ойлаймын, әлдекімдер беделімізді түсіру үшін бізге ор қазып отыр", — деді Асанов Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында.


Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бағынатын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қауіпті тауар өндірісі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ екенін хабарлады. Сондықтан бұл киімдер Қырғызстанда тігілді деуге әлі ерте.


"Егер ақпарат расталса, біз бұл іспен айналысып, соңына дейін жеткіземіз. Алайда бізде өндіруші және тауар құрамы туралы нақты ақпарат жоқ. Өз басым отандық өнеркәсіп өніміне қатысты бірде-бір шағым алған жоқпын. Ол тиісті деңгейде тексеріліп жатыр", — деп атап өтті министр.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31