Оқиға

Қытайлар бейіттерді қиратып жатыр деп ақпарат таратқан Арқалық тұрғыны 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамырда WhatsApp желісінде «қытайлар бейіттерді қиратып жатыр» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды alau.kz.


Полиция ақпаратты Арқалық тұрғыны 33 жастағы әйел адам екенін анықтады.


Келіншек желіде Арқалықтың Ашутасты ауылында «қытайлар бейіттерді қиратып жатыр» деген хабарлама келгенін айтады. Кейін ол ақпаратты сақтап, WhatsApp желісі арқылы таратқан.


«33 жастағы Арқалық тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3 тармағы (телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды», - делінген баспасөз хабарламасында.


Аталмыш бап бойынша бес мың айлық көрсеткіш түрінде айыппұл немесе дәл сол көлемдегі түзеу жұмыстары немес екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осындай уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.


Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына күмәнді және дәлелденбеген ақпаратты таратпауға кеңес берді.


Басылымда айтылғандай, Ашутасты ауылындағы зират қиратылған. Бұл вандалдық әрекетті оқушылар жасағаны анықталды.


ҚазАқпарат




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31