Оқиға

Қызылордада сақалды ер адам 11 жасар қызды ұрламақ болды

  • © news.mspravka.info

    © news.mspravka.info

Қызылорда тұрғыны 11 жасар қызын сақалды ер адам ұрламақ болғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша соттың алдындағы тергеуді бастап кетті. Белгілі болғандай, қыз бала мектепке бара жатқанда оны белгісіз ер адам күштеп көлігіне отырғызбақ болған.


Сақалды ер адам қызды көтеріп алып, айқайлай алмайтындай аузын жауып, көлігіне отырғызбақ болады.


Абырой болғанда, қызға көмекке оқиға куәгері жүгірген. Келіншек қатты айқайлап, ер адамға тас лақтыра бастайды. Шошып кеткен ер адам оқушыны жібере салып, көлігіне отырған беті ізін жасырған.


Сол арада келіншек оқушы қызды сабырға шақырып, мектебіне дейін шығарып салып, кейін өз жұмыстарымен кетіп қалады.


Көп ұзамай, мектепке оқушының анасы келіп, полиция шақыртқан. Агенттік мәліметіне сәйкес, қызға тап берген ер азаматтың сақалы болған, ал көлікте тағы екі адам отырыпты.


ІІД тергеу жұмыстары бақылауға алынғанын мәлімдеді.




Көрілген: 2123    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 12:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30