Оқиға

ІІМ басшысы полицейді көлік қағып кету оқиғасына қатысты пікір білдірді

  • Қалмұхамбет Қасымов © Тұрар Қазанғапов

    Қалмұхамбет Қасымов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Астана орталығында полицейді қағып кеткен жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Астанада Lexus жүргізушісі жол реттеуші полицейді қағып кеткен болатын. Полицей дене жарақатын алып, ол ауруханаға жеткізілген.


ІІМ басшысының айтуынша, жол реттеушілерге арнайы таяқшаларды қайтарудың қажеті жоқ.


"Ол жол реттеуші ғой. Бұл жүргізушінің кінәсі. Қайтарудың қажеті жоқ. Меніңше, бұл әлемдік тәжірибе. Таяқшаларды қайтарудың керегі жоқ", - деді министр Қасымов Парламент Сенатының жалпы отырысында.


Осыған дейін полициядағылар Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.


Сондай-ақ, жүргізушінің полицейді қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болған еді.

 




Көрілген: 143    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 13:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31