Оқиға

ІІМ өкілдері Цеснабанк жайлы қауесет таратқандарды іздестіріп жатыр

  • © primeminster.kz

    © primeminster.kz

Құқық қорғау органдарының өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың жағдайы нашарлады деген қауесетті таратқандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


"Цеснабанк" АҚ өкілдерінің өтініші бойынша ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде банктің қаржы жағдайы нашарлағаны жайлы таралған мәліметтерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.


Оның айтуынша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы мәліметті таратушылар анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған шаралар жүріп жатыр.


Сәдубаев осындай қылмыс жасағандардың заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

 




Көрілген: 137    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30