Оқиға

Мас полицей жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астанада полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ағымдағы жылдың 7 қазанында елордада полиция қызметкері мас күйде жеке көлікпен жолдың бойындағы жаяу жүргінші жолымен келе жатқан адамды қағып кетті. Полицей жүргіншіні қаққаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Ал жүргінші ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», - деді ол.


Оның айтуынша, сол күні жол апатын жасаған полицей анықталып, ұсталған. Сонымен қатар. оның ішкі істер органдарында қызмет ететіндігі және зардап шеккен адамды оқиға орнында тастап кеткендігі ескеріліп, сот санкциясымен 2 айға тұтқынға алынған.


«ҚР ҚК 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ішкі қызметтік тексеру жүргізу белгіленді. Оның нәтижесінде аталған полиция қызметкерінің басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қызметтерінен де шығарылуы мүмкін», - деді Алмас Садубаев. 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31