Оқиға

Мәскеуде көз жұмған үш адам Қостанай облысының тұрғындары болып шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілген. «Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдік-құқықтық көмек көрсетеді, соның ішінде қайтыс болғандардың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыруға жәрдем береді», - дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.


Еске сала кетейік, үш қазақстандықтың денесі Мәскеу облысында, жүк көлігінің кабинасынан табылған болатын. Кабинадан газбен жанатын шам табылды. Оны жылыну үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ер адамдар газдан улану салдарынан қаза тапқан болуы ықтимал, алайда өлімнің нақты себептері тек сараптамадан кейін белгілі болады. 




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30