Оқиға

Мектеп автобусы балалармен бірге сотталған адамдарды тасымалдаған

  • Мектеп автобусы балалармен бірге сотталған адамдарды тасымалдаған

    Мектеп автобусы балалармен бірге сотталған адамдарды тасымалдаған

Екібастұзда сотталған адамдар балалармен бірге мектеп автобусына отырып, жұмысқа барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шідерті ауылының әкімдігінің оқушыларға берген автобусы күнделікті бір ауылдан екіншісіне қатынап отырады.


Екібастұз прокурорының Instagram желісіндегі парақшасында мұғалімдердің кемтар балаларды көзге ілмеуі туралы пост жазылғаннан кейін осы жағдай туралы да белгілі болды. Мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, сабақ беруі керек болатын. Алайда педагогтар балалардың алыс тұратындығын сылтауратып, бұл міндеттерінен жалтарған.



Ал Екібастұз прокуратурасының өкілдері мектеп автобусында оқушылармен бірге адам өліміне әкелген жарақат салғаны үшін сотталған адамдар да бірге жүргенін мәлімдеді.


Бұл жағдай прокурорлардың ауылдағы балалардың білім алып жатқанын тексеру үшін барған кезінде анықталды. Қазір бұл жайттың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Кінәлілер жазаға тартылады.




Көрілген: 211    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 17:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30