Оқиға

"Мөлдір дір-дір етіп тұр". Кассирдің өліміне не себеп болғанын күйеуі айтып берді

  • © Sputnik /

    © Sputnik /

Қарағанды облысында пошта бөлімшесінің кассирі өз-өзіне қол салды. Соның адында ғана кассадан қомақты сома жетіспейтіні анықталыпты. Өзін өлімге қиған Мөлдір Тапинаның туыстарының айтуынша, оған бөлімше басшысы жоғалған ақшаны тап деп қысым жасапты. Мөлдір ақыры үйінде өзіне қол салған. Бірақ пошта бөлімшесіндегілер оқиғаның мүлдем басқаша болғанын айтып отыр, деп хабарлады КТК.


30 жастағы Мөлдір Тапина өткен жұмада өзіне қол салды. Марқұмды мәңгілік мекеніне жіберген туыстары бәленің барлығы поштадан келді деп отыр. Себебі онда жақында 2 миллион теңгеден астам қаражаттың ізім-ғайым жоғалғаны анықталған. Күдікке бөлімшеде бас-аяғы 2 ай ғана жұмыс істеген жалғыз кассир, осы Мөлдір ілінген. Келген комиссия мүшелері көрмедім дегеніне қарамай қыспаққа алған дейді жақындары.


Туыстары марқұмды адамның ала жібін аттамайтын, жаны нәзік және өте тұйық болатын дейді. Ал соңғы жағдай тіпті оның жанын кесікілегенге ұқсайды. Сондықтан таңертеңгілікте ұйықтап жатқан күйеуіне білдірмей көрші бөлмеге өтіп, өзіне қол жұмсаған.


"Өзінің анемиясы бар еді. Мына қызым құлап қалған екен ғой деп, көтеріп қалсам киімілгіште жіпте ілініп тұр. Құлыным сол. Ешкім жоқ, айғай салып сол бетіммен далаға жүгірдім", — дейді марқұмның анасы Айнаш Манабаева.


Табиғатынан сырын ешкімге айтпайтын Мөлдірдің кейінгі кезде қатты күйзеліп кеткенін жары да байқаған. Денсаулығына байланысты демалыста жүрген оны қайта-қайта жұмысқа шақыруынан күдіктенген ол бірде артынан іздеп барыпты.


"Мөлдір айта алмайды, дір-дір етіп тұр. 900 мың теңге жетпеген. Соған Мөлдірге төлейсің деп айтқан. Күйеуіңді де жұмыстан шығарамыз деп айтқан бастығы. Ертең соттап жебереміз деген. Бүгін салмасаңдар жұмыстан күйеуіңді шығарамыз депті", — дейді марқұмның күйеуі Аслан Тұрсынов.


Ал пошта басшылары ақшаны Мөлдірдің алғанына шүбә жоқ дейді. Мұнысын банкоматқа ақша толтыру кезінде іске асырған көрінеді. Банкоматтан алынған ескі кассеталарда қалып қойған 2 миллион теңгеден аса қаражатты алып, олардың ішінде ақша болмағанын айтыпты. Мұндай жағдай жиі болатындықтан басшылық мән бермеген. Алайда қомақты соманың жоғын арнайы бағдарлама әшкерелепті. Алғашында көрмедім білмедім деген кассир ақыры 2 миллион 1 жүз мың теңгенің 1 миллион 200 мың теңгесін үйінен әкелген.


"Түнгі бірде кассирді үйінен шақыртып, кассаны ашып, жаңағы әкелген жарты ақшасын салдық. Комиссияның көзінше, жазған қолхаты бар. Біраз сомасын ұстап қойыпты, өзі мойындады", — деп түсіндірді "Қазпошта" АҚ Қарқаралы аудандық бөлімшесінің бас есепшісі Нәзира Тіленшина.


Дегенмен, марқұмның туыстарының арызы бойынша полиция адамды өзіне қол жұмсауға итермеледі деген баппен іс қозғаған. Ақ-қараны солар анықтауы тиіс. Жалпы, бұл Қарқаралыдағы бөлімшеге қаьтысты алғашқы дау емес. Былтыр осы жерден 14 миллион теңге қолды болып, былыққа қатысы бар деген күдікпен бөлімшенің бұрынғы басшысы мен бас кассирі шатылып жатыр.


Sputnik


 


 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30