Оқиға

ОҚО-да 15 жастағы жасөспірім полицейдің көлігін соқты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім жол патрульдік полициясы мен жүк көліктерін соғып кетті. Облыстық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 10 мамыр күні Сарыағаш ауданында болған. Әлеуметтік желіге тараған видеода жол патрульдік полициясының көлігі жүк машинасымен соқтығысып қалғаны түсірілген еді. Оны көргендер тәртіп сақшылары жол көлік оқиғасын жасаған деп ойлаған болатын.


Алайда өңірдің ІІД баспасөз қызметі жол көлік оқиғасына жасөспірім кінәлі екенін жеткізді.


"15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз ата-анасының Hyundai Starex көлігін мініп, жолға шығып кеткен. Бірақ рульге ие бола алмай, жүк көлігі мен жол патрульдік полициясының машинасын соққан. Қазіргі таңда бұл жағдай әкімшілік құқық бұзушылық тәртібімен қаралуда. Өйткені ешкім жарақат алмаған. Материалдық шығын өндіріледі», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 20:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30