Оқиға

ОҚО-да анасымен ренжісіп қалған бойжеткен шекара асып кеткен (фото)

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

ОҚО-да анасымен ренжісіп қалған бойжеткен Өзбекстаннан табылды. Із-түзсіз жоғалып кеткен азаматшаны туыстары он күн бойы шарқ ұрып іздеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Келеңсіз жағдай Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған. Анасымен сөзге келісіп қалған қызы ауруханаға дәрігерге көрінемін деген сылтаумен үйінен шығып кетіпті. Сол кеткеннен бойжеткен үйіне оралмаған соң туыстары полицейлерге хабар берген.


Хабарсыз кеткен күні азаматша өзімен сөз байласып жүрген жігітімен кездеспек болған. Алайда жігіттің қолы босамай, кездесу кейінге қалдырылған.


Қызының жігітпен сөз байланысып жүргенін білген ата-анасы азаматты тергеудің астына алған. Жігіттің айтуынша, іздеуде жүрген бойжеткен он күннен кейін әкесіне хабарласып, Өзбекстандағы әпкесінің үйінде жүргенін жеткізіпті.


"Қыздың әкесі жоғалған күні үйіме келіп, тексеріп кетті. Полицейлер мені тергеді. Кейін қыздың өзі хабарласыпты. Ташкенттегі әпкесінің үйінде жүрген екен. Қыздың өзімен сөйлестім. Анасымен ренжісіп қалып, Өзбекстанға кетіп қалыпты", - дейді қызбен сөз байласып жүрген жігіт. 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 20:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30