Оқиға

ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей асылып өлді (фото)

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей өзіне қол жұмсап қаза тапты. Марқұмның туыстары 25 жастағы лейтенаттың өліміне басшылық тарапы себеп болғанын алға тартты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


Нариман Назаров өзі жалдап тұрған пәтерде өлі күйінде табылған. Туыстарының айтуынша, ол полиция формасында асылып қалыпты.


Қайғыдан қан жұтқан отбасы перзентінің өз-өзіне қол жұмсауына басшылық тарапынан көрген қорлығы себеп болғанын айтады.


"Ақша сұраған факті болған. Мұның бәрін жасырып отыр. Әңгімеден әңгіме таралып, өзінің әріптестері бұл жағдайды айтып отыр. Соңғы жиналысында жеті мың доллар сұраған", - дейді марқұм полицейдің ағасы Нұрсұлтан Назаров.

Нариман Назаров үш жылдай полиция қатарында қызмет еткен.


Туыстарының айтуынша, марқұм болған жігіт төрт айға жуық уақыт жалақы алмапты.


ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде. 




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31