Оқиға

Оқушыларды ҰБТ орталығына алып барған мұғалім көз жұмды

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Оралда № 32 орта мектептегі бітіруші сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында көз жұмды. Бұл туралы "Уральская неделя" сайтына Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған ҰБТ орталығы хабарлаған.


 


"№ 32 мектептің мұғалімі өз оқушыларын ҰБТ-дан алдын ала сынақ тапсыртуға алып келді. Оқушылар аудиторияға кіріп кетті, ал әйел дәлізде қалды. Шамамен сағат 13:10-да оның талмасы ұстады, біз оған өз күшімізбен көмек көрсетіп, "жедел жәрдем" шақырдық. Алайда "жедел жәрдем" тез келе қоймады, жарты сағаттан астам уақыт өтіп кетті. Дәрігерлер мұғалімнің көз жұмғанын айтты. Бұл кезде түскі үзіліс еді, БҚМУ дәрігері түскі ас ішуге кеткен. Нақты диагнозды біз білмейміз, дегенмен әйелдің қан қысымы көтеріліп кеткені анық", — деп хабарлады ҰБТ орталығы.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.


Sputnik


 


 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30