Оқиға

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апаты: Полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берді .

  • Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апаты: Полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берді .

    Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апаты: Полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берді .

 Астана қаласының полицейлері Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған жол апатына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық ІІД мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Астана қалалық ІІД жедел тергеу тобының қызметкерлері жол апаты болған жерге барды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдар толық көлемде қылмыстық іске қосылды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 26 жастағы мотоциклші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан болатын. ​"Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі астаналық 29 жастағы қызға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы елордалық ІІД басшылығының бақылауында, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан мотоциклшінің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатқаны жайлы хабарланған болатын. Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.06.2018, 22:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30