Оқиға

Оралда көз жұмған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты

  • © inform.kz

    © inform.kz

ҰБТ орталығында қайтыс болған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты, деп хабарлайды "Уральская газета".


Бұдан бұрын хабарланғандай, "103" нөміріне хабар 5 наурызда 13.13 кезінде түскен, дәрігерлер оқиға орнына бес минутта аттанып, 13.28-де жетеді. Фельдшер әйел адамның жедел жәрдем келгенше жан тапсырғанын айтқан.


"Көмек көрсетуге барған бригаданың фельдшерін мұғалімнің туыстары соққыға жықты, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басылымға. — Ол облыстық ауруханадан анықтама алды, "сол жақ кеудесінен жарақат алған" деп диагноз қойылды".


Қайтыс болған мұғалім диспансерлік тіркеуде болмаған, мемлекеттік медициналық ұйымдардан да медициналық көмек алмапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының пікірінше, жедел жәрдем бригадасының әрекеті бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сай келеді.


Естеріңізге сала кетсек, Орал қаласында Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқушыларының көз алдында №32 мектептің 11-сынып жетекшісі қайтыс болды. Түскі ас кезінде болғандықтан, ЖОО-ның медициналық қызметкері өз орнында болмапты. Мұғалім қазасының себебі әлі белгісіз, алайда әріптестері әйел адамның қан қысымы жоғары болғанын айтты.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1137    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30