Оқиға

Оралда маньяк пайда болғаны туралы аудиожазба тарап жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда маньяктың пайда болғаны жөнінде мессенджерлер арқылы аудиожазба таралып жатыр, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 12 қаңтар күні шамамен сағат 09.00-де белгісіз біреу Вагонный тупик көшесі 1-үйде орналасқан "Урал Снаб" ЖШС ғимараты жанында 1979 жылғы Б. деген әйелді күш көрсетемін деп қорқытқан.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 115-бабына сәйкес (қорқыту) тергеу амалдары жүргізілуде.


Қазіргі кезде аталған күдіктіні анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыс аумағында басқа мұндай оқиға тіркелген жоқ.


"Маньяктың пайда болғаны жөнінде мессенджерлер арқылы таралып жатқан аудиожазба жалған" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Сондай-ақ, БҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сай, көрінеу жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 22:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28