Оқиға

Оралда өрт құрсауында қалып қойған тұрғындар терезеден секірді

  • © CC0

    © CC0

Орал тұрғындары өртке оранған екі қабатты үйден шығу үшін терезеден секіруге мәжбүр болған.


Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні ғимараттан өрт шығады. Кейінірек пәтерлердің бірінен қырық алты жастағы ер адамның денесі табылыпты.


"Өрт түнде басталды, бірақ әлі ұйықтамаған болатынбыз, өйткені баламыздың жұмыстан келуін күтіп отырдық. Келген соң көршілердің өрт басталғанын айтып, айғалағанын естідік. Балам қызым екеуімізді шығарып жіберіп, қашыңдар деді, ал өзі құжаттар мен бағалы заттарды алып шығу үшін үйде қалды. Осы сәтте біреу өртеніп жатқан пәтердің есігін ашып жіберіп, түтін бүкіл подъезге тарады, қатты ыстықтан есіктер майысып қалды. Адамдар ажал аузынан қалды десек болады, өйткені апаттық есіктен де, алдыңғы есіктен де шыға алмаушы еді. Менің балам екінші қабаттағы терезеден секіріп кетті", — дейді Нейля Кузнецова "Мой город" басылымына.


Оқиға куәгерлерінің айтуынша, балалар мен қарт әйел төсек жаймаларымен терезеден түсіпті. Өкінішке орай, әжей құлап кетіп, жарақат алған көрінеді.


"Бір пәтерде алты баламызбен тұрамыз, біреуі мүгедек. Оны көтеріп алып шықтық, ал қалған балалар мен сияқты терезеден төсек жаймалар арқылы түсті. Сол кезде қатты қорқып, өз салмағымды көтере алмай, биіктен құлап кеттім. Қазір өз-өзіме қарай алмаймын, жамбасым қатты ауырады", — дейді Соня Сариева.


Қалалық ТКШ басшысы Міржан Нұртазиевтің сөзіне сүйенсек, өртенген үйдің орнына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша жаңа баспана салынбақ.


Sputnik


 


 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 18:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30