Оқиға

Өскеменде әлеуметтік желіні бұзу арқылы ақша сұраушылар пайда болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Өскеменде оқытушының әлеметтік желідегі парақшасын бұзу арқылы студенттерден ақша сұраған алаяқтарға шағым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алғашқы шағым полиция бөліміне 27 мамыр күні сағат 16.00-де түскен.


Студент қыздан оқытушысы әлеуметтік желі арқылы қарызға ақша беруін өтінген. Бойжеткен ол өтінішті ойланбастан орындап, «каспий-әмиян» арқылы сұраған соманы жібереді. Көп өтпей мұғалімі тағы ақша сұрайды. Қыздың көңіліне осы сәтте ғана күдік ұялап, оқытушыға қоңырау шалады. Ал мұғалім өзінің парақшасына біреулер бұзып кіргенін айтып, артынша полицияға шағымданған.


«Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күн сайын «алаяқтық» әрекеттен зардап шеккен ондаған адам шағымданады. Сонда да біздің ескертулеріміз бен таратқан ақпараттарымызға құлақ асатындар аз», - дейді облыстық Ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгерім Нұрғазина.


 




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 19:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30