Оқиға

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің ер адамды сабағаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің көшедегі адамды ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Видеодағы кадрлардан жедел жәрдем қызметкерінің жерде жатқан адамды ұрып жатқаны көрінеді.


Кейінірек ол тағы бір әріптесімен ер адамды жолдың бойына итеріп тастап, әрі қарай ұрып соғады. Өтіп бара жатқан адамдар мұны тоқтатпақ болады, бірақ, видеоға қарағанда, жедел жәрдем қызметкері олардың айтқанын тыңдамаған да.


Видео соңында қызметкер жерде жатқан ер адамды өзімен бірге алып кетеді. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректің тіркелгенін және қазіргі уақытта қызметкерлердің оны тексеріп жатқанын хабарлады.


"Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.




 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31